×

Ақтауда жедел-жәрдем қызметкерлерінің біліксіздігінен 6 жастағы қыз бала қайтыс болған

Қайғылы оқиға 15-желтоқсан күні болған

Ақтауда жедел-жәрдем қызметкерлерінің біліксіздігінен 6 жастағы қыз бала қайтыс болған
Фото: liter.kz

Ақтау қаласының тұрғыны Ислам Шыңғысовтың айтуынша, оның 6 жасар қызы жедел-жәрдем қызметкерлерінің біліксіздігінен қаза тапқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы оқиға 15-желтоқсан күні болған. Бүлдіршіннің дене қызуы кенеттен көтеріліп, ата-анасы жедел-жәрдем шақырған. Бірақ дәрігерлер баланы ауруханаға жатқызудан бас тартып, жақсы болатынын айтып, кетіп қалған. Қыз баланың дене қызуы қайта көтеріліп, жағдайы нашарлағанда әкесі қайта жедел-жәрдем шақырғанын айтады. Алайда, дәл сол бригада келіп, ауруханаға жатқызу мәселесін талқылап жүргенде бала қайтыс болған. 

«Бірінші келгенде жедел-жәрдем қызметкерлері баланың денесін сүртіп, антибиотик беруге кеңес беріп, кетіп қалды. Олар кеткеннен кейін шамамен бір сағат өткен соң, қызымның өңі ауып, денесінің түсі өзгеріп кетті. Біз қорқып, тағы да жедел-жәрдем шақырдық. Сол екі жас жігіт келді. Олар қызымның қандай күйде екенін көріп, ауруханаға апаруға шешім қабылдады. Бірақ, баланы киіндіріп, шығамыз деп жүргенде қол-аяғы құрысып, көз алдымда айрылып қалдым. Жедел-жәрдем қызметкерлерінде ауа беру аппараты да жоқ, өздері ештеңе білмейді. Олар бейне қоңырау шалып, әріптестерімен сөйлесіп, не істеу керектігін сұрады, содан кейін екінші бригаданы көмекке шақырды. Алайда, олар келгенше мен қызымнан айрылдым», - дейді Ислам Шыңғыс. 

Қайғыдан қан жұтқан ата-ана кінәлілерді жазалап, жедел-жәрдем қызметінің жабдықталуын, қызметкерлердің біліктілігін қайта тексеруді сұрайды. 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

«Басқарма тарапынан және «Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» орын алған жағдай бойынша қазіргі уақытта ішкі-талдау, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Заңға сәйкес қорытынды шешім медициналық сараптамадан кейін жасалады», - делінген хабарламада. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
Бүгін, 14:07

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

Қар көшкіні жолды жауып тастаған
Қалған қыздар видеоға түсіріп, жанжалды тамашалап тұр.
Жәбірленушілер арасында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары бар
Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →