Бұл жайлы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев айтты
Ақтаудағы ұшақ апатын Қазақстанның құқық қорғау органдары тергейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстанмен бірге тергеуге азаматтары қайтыс болған басқа елдің де құқық қорғаушылары араласуы мүмін.
Бұл жайлы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев айтты.
«Юрисдикция Қазақстанда болады. Тергеуді Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүргізеді. Бірақ егер біздің әріптестер, оның ішінде құқық қорғау органдары тергеу амалдарына араласамыз десе, одан ешқандай проблема көріп тұрған жоқпыз», - деді Қанат Бозымбаев брифинг кезінде.
Еске сала кетейік, кеше Ақтау маңында Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшыраған еді. Шетел азаматтарымен бірге Қазақстанның бес азаматы опат болды. Олардың тізімін ТЖМ жариялады.
https://qaz365.kz/incidents/11032-ushak-apatynan-kaza-tapkan-kazakstandyktardyn-tizimi-zhariialandy/