×

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы қашан басталады

16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапқан болатын

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы қашан басталады
Коллаж: Qaz365.kz

Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот отырысы наурыз айында болуы мүмкін. Бұл туралы құқық қорғаушы Айтбек Амангелді жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сот наурыз айында болады деп бағамдаймын, мүмкін одан ерте не кеш болар. Тергеу әлі де аяқталу кезеңінде, әрі қарай тараптарға танысып шығуға уақыт беріледі. Оның үстіне бізде 11 күдікті мен олардың адвокаттары бар, олар да танысып болған соң талап-арыз беруі мүмкін. Одан кейін прокуратураның қарауына және процессуалдық бұзушылықтарды тексеруге беріледі, сотқа жіберіліп, судья анықталады», - деп жазды Айтбек Амангелді Instagram парақшасында.

Еске салайық,Талғарда 4 қазан күні төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапқан болатын. Кейін марқұмның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың өзіне қол салып көз жұмғаны белгілі болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →