×

Абай облысында жарыс кезінде көлік Ертіс өзеніне құлады

Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді

Абай облысында жарыс кезінде көлік Ертіс өзеніне құлады
Фото: @POLICE_of_KZ

Абай облысында жарыс кезінде автокөлік жардан Ертіс өзеніне құлап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Алдын ала ақпарат бойынша, салонда төрт адам болған. Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Министрліктің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, 2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 06:00-де Полковничий аралында, Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан Ертіс өзеніне құлап кеткені жөнінде хабарлама түскен. Алдын ала мәліметтер бойынша көлік ішінде төрт адам болған.

Рульді басқарған жүргізуші жағалаудан шығып, қоршаумен соқтығысқан. Апат салдарынын көлік өзенге құлаған. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді Семей полиция департаменті басшысы орынбасары Жандарбек Ахметжанов. 

Полиция өкілдері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және жүргізушілер мен жолаушыларды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →