×

Стамбұлда мейрамханадан ішімдік сатып алған Қазақстан азаматы бірден қайтыс болды

Ол шаштаразда  ұйқысы келгенін айтып, еденге жатып қалған

Стамбұлда мейрамханадан ішімдік сатып алған Қазақстан азаматы бірден қайтыс болды
Фото: hurriyet.com.tr

Түркияның Стамбұл қаласындағы Эсенюрт ауданында Қазақстан азаматы Самат Иманбеков достарымен бірге ас ішкен мейрамханаға барып ішімдік сатып алған. Сөйтіп ол ішімдікті өзінің таныстарының көзінше ішіп отырып жан тапсырған, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Өлімнің себебі жалған алкоголь болған деп болжануда. Айғақ беру үшін мейрамхана иесі Бурхан С есімді азамат қамауға алынды.

Ақпаратқа сәйкес, Иманбеков өзінің таныстары Әли Хайдар К. мен Аднан Б.-ны Эсенюрт ауданындағы мейрамханаға кешкі асқа шақырған. Кешкі астан кейін ол келесі күні достары жұмыс істейтін шаштараздан ішуді көздеп, сол мейрамханадан бір бөтелке алкоголь сатып алды. 6 ақпан күні сағат 21:00 шамасында Иманбеков шаштаразға осы бөтелкесін ұстап келіп ішіп отырған. Бірақ көп ұзамай ұйқысы келгенін айтып, еденге жатып қалған. Достары оны оятуға тырысады, алайда оның тыныс алмай жатқанын байқайды. Оқиға орнына келген дәрігерлер Иманбековтың қайтыс болғанын растады. Полицейлер мән-жайды анықтау үшін мейрамхана иесін ұстады.

Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебі мен ықтимал кінәлілерді анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Құтқарушылар автокөлікті үнемі техникалық тексеруден өткізуді ескертіп отыр
Ол қызының қоңырауларына ұзақ уақыт жауап бермеген
Оқиға Қостанай облысы Адаевка ауылынан 30 шақырым жерде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →