Қайғылы жағдай «Достық арена» спорт алаңында болған
Астанадағы спорт алаңында жігіттің басына футбол қақпасы құлап, мерт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Астана қалалық ПД мәлімдеді.
«Футбол алаңында ер адамның қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жазатайым оқиға болған. Қақпа жігітті басып қалған», – деп хабарлады Астана қалалық ПД.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай «Достық арена» спорт алаңында болған. Футбол ойыны кезінде қақпада тұрған жігіт оған асылып, айналмақшы болады. Алайда жігіт оған асыла бергенде, қақпа жігіттің үстінен басып, ауыр темір қарақұс тұсынан басына құлайды. Жігіт алған жарақатынан көз жұмды. Марқұм 25 жаста болған екен.