×

Астанада теміржол жүк контейнері жарылды

Оқиға бүгін түнде сағат 00:30 шамасында орын алған

Астанада теміржол жүк контейнері жарылды
Сурет: Бейнеден кадр

Астанадағы теміржол жүк контейнерінде жарылыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы хабарлады.

"Бүгін түнгі сағат 00:30-да Астана станциясының сұрыптау жолында платформадағы контейнерде жарылыс болды.Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Өрт болған жоқ. Бір адам жарықшақтан қолын аздап кесіп алды. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнында көмек көрсетті, ауруханаға жатқызу қажеті болмады», – делінген компания хабарламасында.

Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп, жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
11.07.2025ж. 10:27

Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 
Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →