×

Астанадағы футбол алаңында 25 жастағы жігіт қайтыс болды

Қайғылы жағдай «Достық арена» спорт алаңында болған

Астанадағы футбол алаңында 25 жастағы жігіт қайтыс болды
Сурет: Бейнежазбадан кадр

Астанадағы спорт алаңында жігіттің басына футбол қақпасы құлап, мерт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қалалық ПД мәлімдеді.

«Футбол алаңында ер адамның қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жазатайым оқиға болған. Қақпа жігітті басып қалған», – деп хабарлады Астана қалалық ПД.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай «Достық арена» спорт алаңында болған. Футбол ойыны кезінде қақпада тұрған жігіт оған асылып, айналмақшы болады. Алайда жігіт оған асыла бергенде, қақпа жігіттің үстінен басып, ауыр темір қарақұс тұсынан басына құлайды. Жігіт алған жарақатынан көз жұмды. Марқұм 25 жаста болған екен.


 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →