×

Алматыда мотоцикл жүргізуші екі жол жұмысшысын қағып өлтірді

Жол апаты орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды

Алматыда мотоцикл жүргізуші екі жол жұмысшысын қағып өлтірді
Фото: istockphoto.com

9 сәуірге қараған түні Алматыда екі жол жұмысшысы қаза тапқан қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты түнгі сағат 01:30 шамасында Алатау ауданында болған. Жол апаты орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Мотоцикл жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатып, бір бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан. Қозғалысын жалғастырған мотоцикл жүргізушісі жол бойында тұрған үш жол жұмысшысын, екі ер адам мен бір әйелді қағып кеткен", – деп хабарлады полиция.

Екі ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Екі адамның өліміне әкеп соққан жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Аттың жалына байлап сүйреген»: Айзат Жұманованың туыстары эксгумацияға қарсы емес
Кеше, 02:51

«Аттың жалына байлап сүйреген»: Айзат Жұманованың туыстары эксгумацияға қарсы емес

Асқан қатыгездікпен қаза тапқан Айзат З жыл бұрын отау құрған.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тілсіз жаумен күреске 100-ге жуық қызметкер мен 60 арнайы техника жұмылдырылды.
Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі полиция сержанты Олжас Оразов болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →