×

Ақша бопсалайды, ұрады, қинайды: Маңғыстаулық ата-аналар мектеп оқушыларын қорқытып жүрген топ туралы дабыл қақты

Олар тәртіп орнатуды талап етуде

Ақша бопсалайды, ұрады, қинайды: Маңғыстаулық ата-аналар мектеп оқушыларын қорқытып жүрген топ туралы дабыл қақты
Сурет: Lada.kz

Маңғыстау облысында мектеп оқушыларын қорқытып, ақша бопсалап жүрген топ жайында ата-аналар мәлімдеді. Ақжігіт ауылының тұрғындары Бейнеу ауданының полиция басшысы Еркебұлан Ізкеновке ашық хатпен жүгінді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ашық хатта олар мектеп оқушыларына қорқытып-үркіту арқылы ақша талап етіп жүрген жастар тобы жайында айтып берген. Тұрғындар мұндай әрекеттер тоқтамаса және кінәлілер жазаланбаса, 17 жастағы жасөспірімнің өлімімен аяқталған қайғылы оқиға қайталануы мүмкін деп алаңдауда.

«Жастар тобы оқушылардан ақша жинау үшін қорқытып, бопсалаумен айналысады. Сондай-ақ оларды өздерінің жеке тапсырмаларын орындауға мәжбүрлейді. Келіспегендерді соғып, үркітеді. Бұл фактілерді жасыру – трагедияға әкеліп соқтырды», – делінген тұрғындардың үндеуінде.

Ата-аналар балалардың көшеге қорықпай шыға алатындай жағдай жасау үшін тәртіп орнатуды талап етуде. Аталған үндеуге 24 отбасы қол қойған.

2024 жылғы 8 сәуірде 11-сынып оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмған. Марқұмның отбасы оның өлтірілгеніне сенімді. Бұл іске байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Тергеу барысын өңірдің бас прокуроры жеке бақылауына алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ажал айтып келмейді».  Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды
Бүгін, 00:57

«Ажал айтып келмейді». Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды

Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.
Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →