×

Қозғалатынын білмей қалды: Семейде әйел адамды жүк пойызы мыжып өтті

Куәгерлер әйелді вагон астынан шығарып үлгергенімен, дәрігерлер келгенге дейін жан тапсырған

Қозғалатынын білмей қалды: Семейде әйел адамды жүк пойызы мыжып өтті
Сурет: t.me/abainewskz

Семейде жүк пойызы вагондарының арасынан өтпек болған әйелді пойыз қағып мерт қылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Болған оқиғаның бейнежазбасымен телеграм әлеуметтік желісінде abainewskz арнасы бөлісті.

Оқиға 14 сәуір күні шамамен сағат 16:30-да Семей қаласындағы Дулатов көшесінде орын алды. Сол сәтте жүк пойызы бағдаршамда тоқтап тұрған. Әйел адам пойыз толық өтіп кеткенше күтпей, вагондардың арасымен өтпек болады. Алайда бірнеше секундтан кейін пойыз қозғалып кеткен. Куәгерлер әйелді вагон астынан шығарып үлгергенімен, дәрігерлер келгенге дейін жан тапсырған.

“Абай облыстық полиция департаменті бұл фактіге қатысты қылмыстық кодекстің «Теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкелу» бабы бойынша іс қозғады”, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →