×

Екі қызын 10 жыл зорлаған күдіктінің екі әйелі бар болып шықты

57 жастағы азаматтың бірінші әйелінен 4, тоқалынан 2 баласы бар көрінеді

Екі қызын 10 жыл зорлаған күдіктінің екі әйелі бар болып шықты

Алматы облысында өзінің екі қызын зорлап келген азғын ұсталды. Ол туған перзенттерін 11 жастарынан бастап 10 жыл бойы төсекке тартыпты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Еуразия бірінші арнасы» күдікті тұратын Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылына барған.

«Ең жаманы — апалы-сіңлілі жеткіншектер жыламсырап анасынан көмек сұрағанда үндеріңді шығармай, ағайынға қарабет қылмай жүріңдер деп тыйып тастаған көрінеді. Содан қысым көрген қыздар қашып құтылудың амалын қарастырған. Ал өз балаларын зорлаған азғынның бір емес, екі әйелі бар», - дейді сюжет авторы.

Зорланған екі қыздың біреуі 23, екіншісі 21 жаста көрінеді. Үлкенін алғаш 13, кішісін 11 жаста қорлаған. Амалы таусылған қыздар үйден қашып, Талдықорғандағы туыстарын паналаған. Сөйтіп, журналистерден көмек сұрапты. Қыздар шешелеріне айтқанда «Үндеріңді өшіріңдер, ағайын табалайды» деген.

«Қыздар күнделікті екі әйелге де айтып жүрген. Біз бұлай жүре алмаймыз, шаршадық, өлеміз деген. Сосын екі шешесі қосылып жылап, елден ұят болады деп тоқтайды екен», - дейді талдықорғандық журналист Сандуғаш Дүйсенова.

Күдікті азғын әке қыздарға ауыздарынды ашсаңдар бауыздаймын деп қорқытқан. Тоқалы тілшілерге «білмедім, түк сезбедім» десе, бәйбішесі «қыздарыма сенемін, ақиқат үшін күресемін» деп отыр. 
57 жастағы азаматтың бірінші әйелінен 4, тоқалынан 2 баласы бар көрінеді. 
Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек аудандық ішкі істер бөліміне тіркелген.

«Қазіргі уақытта 57 жастағы күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», - деді Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ПД бұл факті бойынша бұрын полицияға ешкім хабарласпағанын атап өтті. Тергеу барысы облыстық департамент басшысының ерекше бақылауына алынды.
Еңбекшіқазақ ауданы полициясында ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі (сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша екі қылмыстық іс тіркелген.
Жәбірленуші қыздар сотқа дейінгі тергеу кезінде полицейлердің қорғауына алынды.
Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Тергеу барысы облыс полиция департаменті бастығының бақылауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →