×

Астанада 40 жастағы еркек лифтіде кішкентай қызға тиіскен

Ол мас күйде болған

Астанада 40 жастағы еркек лифтіде кішкентай қызға тиіскен
видеодан кадр

Астанада 40 жастағы ер адам лифтіде кәмелетке толмаған қызға тиіскен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпаратты Астана қаласының полиция департаменті растап отыр.

«Полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адамды анықтап, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қоғамдық орында кәмелет жасына толмаған қызға тиіскені үшін және мас болып жүргені үшін ер адам Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 449, 440-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Баланың заңды өкілдерінен шара қолданбау жөнінде арыз түсті», – деп хабарлады полициядан.

Осы ретте тәртіп сақшылары ата-аналарға әрдайым абай болуға, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

«Егер сіз құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, дереу 102 жедел арнасына хабарласыңыз», – делінген ақпаратта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысындағы атыс: күдіктілер ұсталды
Бүгін, 09:35

Жамбыл облысындағы атыс: күдіктілер ұсталды

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталу үстінде.
Пекинде бірнеше күн ішінде жылдық мөлшерге тең жауын-шашын жауды. Қатты нөсердің салдарынан кенеттен болған тасқындар кемінде 30 адамның өмірін қиды
Ол жедел жәрдем бригадасына табысталды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →