×

Көкшетауда есірткі ұстады деген күдікпен қоғам белсендісі ұсталды

Тінту кезінде ұсталған адамнан ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар полиэтилен пакет табылып, тәркіленген

Көкшетауда есірткі ұстады деген күдікпен қоғам белсендісі ұсталды
Ашық дереккөзден

21 маусымда Көкшетауда есірткі затын сақтау күдігімен жергілікті қоғамдық кеңестің мүшесі Мәлік Ахметқалиев ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Ақмола облыстық полиция департементінің баспасөз қызметі Көкшетау қаласында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 1983 жылы туған жергілікті тұрғынның ұсталғанын растап отыр.

«Тінту кезінде ұсталған адамнан ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл зат - мефедрон, яғни аса ірі мөлшердегі есірткі құралы болып табылады (жиынтық кестеге сәйкес). Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша (өткізу мақсатынсыз есірткі затын заңсыз қолдану) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сол күні ұсталған адамға наркологиялық тексеру жасалды, экспресс-тест нәтижесі зәрінде каннабиноид бар екенін көрсетіп берді», - делінген хабарламада.

Басқа ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Әлеуметтік желіде күдікті ретінде ұсталған азамат қоғам белсендісі Мәлік Ахметқалиев екені жазылып жатыр

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →