×

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға сотталды

Вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған болатын

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға сотталды
Ашық дереккөздерден

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шықты. Сот қаулысы бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Соттың хабарлауынша, Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды. Атап айтар болсақ,  217-бап - «қаржы пирамидасын құру және басқару» және 262-бап - «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және басқару».

Ал вайнерлер тек 217-бап бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен күдіктілерге бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдері тағайындалды.

«Мейіржан Төребаевқа ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мейірхан Шерниязов ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл жазасын өтесін», – делінген сот қаулысында.

Айта кетейік, қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі былтыр 12 желтоқсанда сотқа жолданған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодар облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті
Кеше, 13:50

Павлодар облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

Полицияның мәліметінше, қақпа дұрыс бекітілмеген.
Полиция дерегінше, зардап шеккен балалар – оның туған ұлдары.
Олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →