×

Шемонаихадағы жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды

Денесі 100 пайыз күйіп қалған

Шемонаихадағы жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында газ құю стансасындағы жарылыстан ауруханаға түскен екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске сала кетейік, 22 маусымда Шемонаиха қаласында газ құю стансасында болған жарылыстан екі адамды күйік шалған еді.

Содан кейін тағы бір азамат пен әйел ауруханаға жатқызылды.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, денесін 100 пайыз дерлік күйік шалған екі адам көз жұмды.

«Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат бойы күресті. Өкінішке қарай, екеуін аман алып қалу мүмкін болмады», – делінген ақпаратта.

Ал ер адам мен әйелдің жағдайы жақсарып келеді.

«Қазір олардың жағдайы тұрақты. Пациенттерге бүкіл қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жыртқыш сырттағы 2 итті де талап кеткен
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр
Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенмен, қыздың өмірін арашалай алмады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →