×

Жалған визамен қажылыққа аттанған қазақстандықтар Алматы әуежайында кедендік бақылаудан қалай өтіп кеткен

Zamzam store Qazaqstan компаниясы арқылы қажылыққа атанып, жалған визаға алданып қалған 380 адамның жақындары жан-жақтан көмек сұрап жатыр

Жалған визамен қажылыққа аттанған қазақстандықтар Алматы әуежайында кедендік бақылаудан қалай өтіп кеткен
стоп-кадр

Zamzam store Qazaqstan компаниясы арқылы қажылыққа атанып, жалған визаға алданып қалған 380 адамның жақындары жан-жақтан көмек сұрап жатыр. Солардың бірі Гулжохон Юнусова жағдайды түсіндіріп берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Біз бұған дейін Zamzam store Qazaqstan компаниясымен қажылыққа кеткен әкесін іздеген Баян Сейітжан жайында жазған едік.   

«Қазір менің ата-анам Меккеде. Біз Zamzam компаниясынан турды қараша айында сатып алғанбыз. Олар бұған дейін осы компания арқылы Ұмра қажылыққа барып келген. Пікірлерді қарасаң өте жақсы. Турды 4500 долларға сатып алдық. Оның үстінен тағы 2000 доллар қосымша төледім. Өйткені әкем құжат бойынша қырғыз азаматы. Бизнес-виза істеттік», - дейді Гулжохон Юнусова.

Компания өкілі қажылыққа визаны онлайн өткіземіз деп айтқан. Zamzam компаниясының смартфонда қосымшасы бар екен. Сол арқылы істейміз деген көрінеді. 

Неге қонақ үй ауысып кетті деп сұраған.  Ақшаны қайтару мүмкін емес деп айтықан ол тур акция бойынша сатылған деп ескерткен.

«Түнде әуежайға келдік. Бізде басында күмән болғанымен, ондай келеңсіздік орын алмас деп үміттендік. Тек енді ҚМДБ-дан 18 компания ғана тіркеуден өткенін білдік. Анамда әуежайда визасы жоқтығына байланысты мәселе туындады. Бірақ компания директоры Данияр Илиевтің араласуы бәрі тез шешілді. Ол тіркеу бөлімде отырған қызға өткізіп жібер деп еді, барлығы шешіле қалды», - дейді зардап шегушінің қызы.

Ата-анасы Алматы-Шарджа, Шарджа-Эр-ряд, сосын Эр-ряд Джида, Джида-Меккеге барған. Екі күн байланыс аясынан тыс жерде болған.

«Әуежайдан визасы жоқ адамды қалай өткізіп жібергенін өзімде түсінбей қалдым. Мен шу шығарам деген олар күлді. Сөздеріне қарасаң, жоғарыда тіреулері мықты секілді.  Жалпы, 380 Қазақстан азаматы осындай жағдайға тап болып отыр. Кейбірін депортация жасады, кейбірін қамауда ұстап отыр. Компания қызметкерлерінің бұл істе хабары болмаған тәрізді. Менеджер, гидтің әрекетінен соны байқадым», - дейді кейіпкер.

Оның айтуынша, уәде етілген қонақ үй жоқ. Консул жылдам елге қайтуды айтқан. Егер ұстап алса, түрмеге отырғызып тастайтынын ескерткен.

Данияр мазақ қылып жүр. Құқық қорғау органдарына хабарлас деп кекетеді. Бірақ қазір арыз жазбай жүргенім, Меккеде жүргеннің бәрін қамап тастайды деп қорқамын. Сондықтан әліптің артын бағып отырмыз», - дейді Гулжохон Юнусова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
45 млн теңгесін жымқырған интернет алаяқтар ұсталды
Бүгін, 09:50

45 млн теңгесін жымқырған интернет алаяқтар ұсталды

Интернет алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ Батыс Қазақстан облысында ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →