×

Алматы облысының Кеген ауданында сел жүрді

Зардап шеккендер жоқ

Алматы облысының Кеген ауданында сел жүрді
Видеодан кадр

Алматы облысының Кеген ауданында сел жүріп, жол опырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, оқиға 6 шілде күні кешке қарай болған.

«Сағат 18.35-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Кеген ауданында жауған жаңбыр мен бұршақ салдарынан Саты ауылынан екі шақырым жердегі Саты Сай шатқалында жергілікті маңызы бар автожолжын су шайғаны туралы хабар келіп түскен. Салдарынан жолдың негізіне зақым келген. Ұзындығы 300 метр жол төсемі опырылған. Дегенмен жолмен өтуге мүмкіндік бар. Жол қызметі ескерту белгілерін қойып, СМС-хабарлама таратты», - деп жазылған департаменттің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Бұл аумақтан жоғарыда елді мекендер жоқ, халық тұрмайды.

«Зардап шеккендер жоқ. Жолдың опырылған бөлігін қалпына келтіру жұмыстары комиссия зерттеу жүргізгеннен кейін жүргізіледі. Оқиға орнына депаратменттің 3 қызметкері мен 1 техникасы, «Қазселден қорғау» мекемесінің 2 жұмысшысы мен 1 техникасы, әкімдіктің 3 жұмысшысы мен 1 техникасы шыққан», - делінген ресми мәліметте.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Анасын ұрып тастаған Ақтау тұрғыны қамауға алынды
Бүгін, 12:03

Анасын ұрып тастаған Ақтау тұрғыны қамауға алынды

Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген
Аймақта алдағы 2-3 тәулікте қолайсыз ауа райы сақталады
Ер адам мектепке барып, баласына да зиян келтіруге тырысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →