×

Абай облысының тұрғыны бақшасын есірткі плантациясына айналдырған

Полицейлер бақшаның иесі 39 жастағы азамат екенін анықтады

Абай облысының тұрғыны бақшасын есірткі плантациясына айналдырған
Ашық дереккөздерден

Полицейлер Абай облысының тұрғынынан 4,8 мыңнан астам түп қарасора тәркіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында Абай облыстық полиция бөлімінің қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткіні заңсыз өсіру фактісін анықтады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Старая Крепость ауылының шетінен қоршалған плантацияны анықтады», – деп жазылған облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полицейлер бақшаның иесі 39 жастағы азамат екенін анықтады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі «Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →