×

Абай облысында тағы да 9 жасар баланы зорлаған

Күдікті баланың аузын жауып, үйдегілерді көмекке шақыруға мүмкіндік бермеген

Абай облысында тағы да 9 жасар баланы зорлаған
Ашық дереккөздерден

Абай облысында тоғыз жастағы ұл бала зорланды. Бұл туралы «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz
Оған жәбірленушінің әкесі шағымданған. Баланың әкесі вахталық жұмысынан келген. Сол кезде досы комбайнына көмектесуге шақырған. 

«Тоғыз жастағы бала екі күн қатар менімен еріп жүрді. Сосын үшінші күн бармай қалды. Үйде әжесінің қасында болатынын айтты. Үйде ұлым мен анамнан бөлек, өгей әкемнің інісі болған. Ол бізбен мамыр айынан бері бірге тұрады. Түстен кейін анам қоңырау соғып, учаскелік полиция шақыруымды өтінді. Анам ас үйде ыдыс жуып жүрген. Ұлым ойнап жүрген. Сосын үйге телефонын қуаттауға кірген. Сол тұста азғындық әрекетке барған», - дейді баланың әкесі.

46 жастағы күдікті баланың аузын жауып, үйдегілерді көмекке шақыруға мүмкіндік бермеген. Біреуге тіс жарса, өлтіретінін айтып қорқытқан. Бала қарсыласқан, денесі көгерген. Полиция күдіктіні сол күні тұтқындады, тергеу жүріп жатыр. 

Дина Таңсәрінің айтуынша, ең қорқыныштысы, былтыр да Абай облысында осындай жағдай болған. Яғни 48 жастағы көршісі зорлаған 9 жасар қыздың анасы осы баланың әкесінің жақын туысы екен. Кейіннен күдікті 25 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Бүгін, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →