×

Қазалыдағы төбелес: Көзі көрмей қалған баланың ісі сотқа жіберілді

Күдіктілердің саны 8-ге жетті

Қазалыдағы төбелес: Көзі көрмей қалған баланың ісі сотқа жіберілді
t.me/egovpress

Қызылорда облысының Қазалы ауданында мектеп оқушысы соққыға жыққан оқиға тергеліп, іс сотқа жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz 

Баланың анасы  Ақмарал Төлегенова 31 шілде күні алғашқы сот отырысы өтетінін жеткізді.

«Күдіктілердің саны 8-ге жетті. Бірақ 31-і күні төрт жасөспірім бойынша отырыс басталады. Екеуі мойнына алып отыр. Біреуі куәгер ретінде шақырылған. Алайда мен оған келіспеймін. Куәгер полиция шақырады, елге хабарлайды. Ол керсінше видеоға түсіріп, интернетке жүктеп, елге масқаралады. Сондықтан қатысушы ретінде есептеймін. Төртіншісі видеода көзге түскен. Алайда өзінің қатысы жоқ екенін айтып, мойындамай жатыр», – дейді Ақмарал Төлегенова.

Оның айтуынша, күдіктілер 9-11 сынып сынып оқушылары. Мойнына алған оқушының бірі мектепті үздік бітіріпті. Ақмарал Төлегенова ешқандай адвокат жалдамаған. Тек мемлекет тарапынан берілетін қорғаушы сотқа қатысады. 

Еске сала кетейік, 6 сәуір күні Қазалы ауданында екі адам мектеп оқушысын аямай соққыға жыққан еді. Салдарынан 15 жасар жасөспірім бас сүйек-ми жарақатын алғаны белгілі болды. Мектеп директорының екі орынбасары қызметінен кетті. ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес іс қозғалды. 

Бұған дейін жәбірленуші баланың көзі көрмей қалғанын жазған едік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады
06.05.2024ж. 09:39

Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

Ол 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді  жойған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →