×

Шымкентте жасөспірім полиция көлігін айдаған

Құқық қорғаушының айтуынша, ол әкесінің қызметтік көлігін айдаған

Шымкентте жасөспірім полиция көлігін айдаған
видеодан кадр

Құқық қорғаушы Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде полиция көлігін айдап жүрген жасөспірімнің видеосын жариялады. Оның айтуынша, жас жігіт Шымкент қаласының полиция департаментінде жұмыс істейтін әкесінің қызметтік көлігін айдаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Дәлбеков аман болсын, осылай талтаңдап жүргеніміз - жүрген” дейді ме? Әкесі полицияда жұмыс істесе, баласы полиция көлігін мініп талтаңдай беруге болады ма сонда? Адам қағып, мерт қылса не болар еді? Кім жауап береді, Арман Саданов мырза? Тағы да Шымкент! Бұл жолы Полиция қызмет көлігін белгісіз жас жігіттер зуылдатып мініп жүр...”, – деп жазды құқық қорғаушы.

Ол мемлекеттің мүлкін мақсатсыз пайдалану қылмыс екенін айта отырып, Ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа сауал жолдады.

“Бұл көлік - жеке меншік емес, мемлекеттің мүлкі! Сосын бұл көлікке құйылатын бензин де мемлекет есебінен, яғни Сіз бен Біздің - халықтың салығынан құйылады! Мен дәл осы жайтты мемлекеттің қаржысын талан-таражға салу, мемлекеттің мүлкін мақсатсыз пайдалану - қылмыс деп есептеймін! Министр Марат Ахметжанов мырза, Сіз қалай ойлайсыз? Халық алдында ашық және ресми жауабыңызды күтемін!” – деді Айгүл Орынбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →