×

Астанада екі жұмысшы 15-қабаттан құлап, қаза тапты

20 және 27 жастағы жұмысшылар оқиға орнында қайтыс болған

Астанада екі жұмысшы 15-қабаттан құлап, қаза тапты
inbusiness.kz

Елордада тұрғын үй құрылысы алаңында екі жұмысшы жоғарыдан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 10 тамызда Алматы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «A-City» тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісінде биіктен екі адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. А.Байтұрсынов көшесінде салынып жатқан 20 қабатты тұрғын үй кешені қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде монтаждау кабелінің үзілуі салдарынан 15-ші қабаттағы биіктіктен екі жұмысшының құлағаны анықталды», – делінген хабарламада.

Полиция департаментінің ақпаратынша, 20 және 27 жастағы жұмысшылар оқиға орнында қайтыс болған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - дейді ведомстводан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →