×

Ақмола облысында анасы мен қызы тірідей өртеніп кеткен

Марқұмдар жер қойнына тапсырылды

Ақмола облысында анасы мен қызы тірідей өртеніп кеткен
Фото: Freepik

Ақмола облысының Щучье қаласында өртенген үйден анасы мен қызының денесі табылды. Төрт пәтерлі үйдегі басқа үш отбасы қыстың көзі қырауда баспанасыз, далада қалды. Олар әзірге туысқандарын паналап жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

Қос қабатты үй күндізгі сағат 12 шамасында өртенген. Ағаштан салынған ескі ғимаратты тілсіз жау лезде жалмаған. Өрт кезінде отбасы далаға шығып үлгеріпті. Ал 64 жастағы анасы мен 39 жастағы қызының өлі денесі өрт сөндірілгеннен кейін үйіндінің арасынан табылды. Қайтыс болған екі әйел бүгін жер қойнына тапсырылды. Ал далада қалған алты адам туысқандарын паналап кеткен.

Әкімдік әр отбасына 120 мың теңгеден ғана материалдық қолдау көрсетеді, басқа көмек жоқ. Қазір қылмыстық іс қозғалып, түрлі сараптама тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстанда оқушылар онлайн оқуға көшті
Бүгін, 11:35

Шығыс Қазақстанда оқушылар онлайн оқуға көшті

Аймақта алдағы 2-3 тәулікте қолайсыз ауа райы сақталады
Ер адам мектепке барып, баласына да зиян келтіруге тырысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →