×

Қытайда жер сілкінісінен 47 үй құлап, 78 баспана зақымданды

Жер сілкінісі 23 қаңтарда сағат 02:09-да болған

Қытайда жер сілкінісінен 47 үй құлап, 78 баспана зақымданды
© AFP 2023 / STR

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Ақсу округының Уши уезінде 7,1 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қытай мен Қырғызстан шекарасында бүгін жер тағы екі мәрте теңселді. Дүмпу қуаты 4,8 және 4,9 балға жеткен. Қытайдың батысындағы Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Аймағының Ақсу префектурасында қуаты 7,1 балдық жер сілкінісінен 6 адам жараланды.

ҚХР Сейсмологиялық орталығының мәліметіне қарағанда, зілзала өлкенің орталығы – Үрімжіде, оған жақын маңдағы аудандарда өте күшті сезілген. Соның кесірінен 47 үй қирап, 78 адам зардап шекті. Жараланған адамдар да бар.

Жер сілкінісі 23 қаңтарда сағат 02:09-да болған. Ошақтық тереңдігі – 22 шақырым.

Зілзала Ақсу, Атуш, Қотан, Қашқар, Іле, Қорла, Қарамай мен басқа жерлерде қатты сезілді.

7,1 балдық жер сілкінісінен кейін тағы дүмпулер болды. Қытайдың сейсмологиялық орталығының дерегіне сүйенсек, магнитудасы 5,3 көп зілзала тіркелген. Таңғы сағат 8.00 шамасында магнитудасы 3,0 немесе одан да көп 40 афтер сілкінісі болған.

Жер сілкінісі Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның аумағында да байқалған. Елімізде зілзала негізінен Алматы қаласында тіркелген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →