×

Сирияға кетуді жоспарлаған: Шымкентте терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды

Ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысуды жоспарлаған

Сирияға кетуді жоспарлаған: Шымкентте терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

2024 жылғы 1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікті Түркістан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.

«Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада апатты қонған ұшақ адамдары ай даладан табылды
Бүгін, 08:46

Қызылордада апатты қонған ұшақ адамдары ай даладан табылды

Кеше кешке АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түскен
Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →