×

«Мешітке емес, мектепке барыңдар»: Шымкент әкімінің орынбасары жастарға үндеу жасады

Сәрсен Құранбек жастарды діни экстремизмге уланбай, білім алуға шақырған

«Мешітке емес, мектепке барыңдар»: Шымкент әкімінің орынбасары жастарға үндеу жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Шымкентте  «Жастар – ізгі қоғам айнасы» атты рухани-танымдық форум өткен. Форумға қаладағы жоғары оқу орындары мен озат оқушылардан 500-ге тарта жастар қатысқан. Жиында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсенбек Құранбек деструктивті дін өкілдері, дін атын жамылған содырлардың әрекеті, олардың жастар санасын қалай улап жатқандығы туралы айтқан. Бұл туралы журналист Бақтияр Тайжан жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол Шымкент қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаевтың модераторлығымен өткен форумда қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жастарға діни экстремизмге уланбай, білім алуға шақырғанын жеткізді.

«Қазақстан – байтақ ел. Сырттан келген дұшпан жиырма миллион халқыңды отарлауға келмейді. Жер үсті, астындағы қисапсыз байлығыңды үптеу, өзіне сіңіру үшін келеді. Идеология – қарусыз майдан. Сырттан қаржыландыратын радикалды күштер, деструктивті ағымдар сананы отарлау үшін дін арқылы шабуыл жасайды. Пәленше сахаба айтты деп ойдан құрастырып, ұлтты іштей ірітетін хадистер тауып алады. Бұған ең елігетіні кім? Әрине, оң-солын әлі танып үлгермеген жастар. Олардың санасы уланғаны соншалық, «намаз оқымайсың, тамағыңды ішпеймін, харам» деп туған әке-шешесіне қарсы шығады. Санасы отарланған жастарды бері қайтару өте қиын», – депті Сәрсен Құранбек.

Ол Қазақстанда мешіттің саны үш мыңнан асқанын айтты. Шымкенттің өзінде жүзге тарта  мешіт бар. 

«Құрметті имамдар, сіздерден өтінемін. Әлі буыны қатпаған жас баланы мешітке шақырмаңыздаршы», – деді ол.

Ол оқушыларды мектебіне барсын деп айтқан.

«Сабағын жақсы оқысын. Ғылым қусын. Отанның өркендеуіне білімімен қызмет етсін. Сонда ғана біз шын мәнінде зайырлы, құқықты ел боламыз», – депті әкім орынбасары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Бүгін, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →