×

«Зардап шеккендер бар»: Теміртауда екі қабатты дүкенде газ жарылды

Дүкен ғимараты опырылып, өртке оранған

«Зардап шеккендер бар»: Теміртауда екі қабатты дүкенде газ жарылды
Фото: ТЖМ

Теміртауда дүкенде газ жарылып, ғимарат опырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сағат 08.06-да Теміртау қаласы, Ватутина көшесі, 2 қабатты дүкеннің мекенжайында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Дүкен ғимараты опырылып, өртке оранған. Үйінді астынан әйел адам шығарылды (жағдайы нақтылануда), оның айтуынша үйінді астында ер адам бар.

«Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. Үйінділерді талдауға кірісті. Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына бара жатыр», - делінген ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ мәліметінше, сағат 09:49-да ғимарат үйінділерінің астынан өмір белгілері жоқ әйел табылды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
Кеше, 10:27

Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 
Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →