×

Жәдел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың жазасы жеңілдеді

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті осыған қатысты пікір білдірді

Жәдел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың жазасы жеңілдеді
Фото: Михаил Козачковтың телеграм-арнасынан

Қоғамда резонанс тудырған "жедел жәрдем" жүргізушісін соққыға жығып, қашып кеткен, кейіннен ұсталып, екі айға қамалған Нұрболат Дәкебаевтың жазасы жеңілдемек. Қарағанды ​​облысының полиция департаменті осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ішкі істер органдары Қарағандыда "жедел жәрдем" көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күдіктінің үстінен алғашында бұзақылық мақсатында денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 2024 жылғы 1 ақпанда күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің жарақаты жеңіл дәрежеде екенін анықтады», – делінген Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі кезде күдіктінің әрекеті бұзақылық санатына жатқызылған.

«21 ақпанда қылмыстық іс айыптау актімен прокурорға жіберілді, ол шешімнің заңдылығын тексеріп, күдіктіні сотқа берді», – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 4 ақпанда Қарағанды ​​сотының шешімімен Нұрболат Дәкебаев екі айға қамауға алынды. Жүргізушінің өзі қылмыскерді кешіргені туралы бейне хабарлама жасағанына қарамастан, бұл татуласу белгісі ретінде ғана бағаланды.

Ол "жедел жәрдем" жүргізушісін ұрған соң, бірден қашып кеткен. Оқиға 27 қаңтарға қараған түні болған. Артынша ол іздеуде жүргендердің тізіміне енгізілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Келтірілген материалдық шығын өндіріліп алынады
Қазақстанның құқық қорғау органдары оны Ресейден елімізге экстрадициялады
Бұл дәстүрлі түрде білімді кеңейтуге мүмкіндік беретін ауқымды форум

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →