×

Жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін бе - жаңа министр жауап берді

Қазір Алматыда жедел жұмыс тобы жұмыс істеуде

Жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін бе - жаңа министр жауап берді
Фото: ОКҚ

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет басшысы Олжас Бектеновке есеп берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол қазір Алматыда жедел топ жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Жер сілкінісін кез келген төтенше жағдай сияқты алдын ала болжау мүмкін емес. Осыған байланысты министрлік олардың алдын алу және халықты бірінші кезектегі әрекеттерге дайындау бойынша жұмыс жүргізуде», – деді министр.

Министрдің айтуынша, қазір қалада жағдай тұрақты, түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, 4 наурыздағы жер сілкінісінен кейін Алматыда әлеуметтік нысан мен көппәтерлі тұрғын үйлердің бүлінуіне қатысты 156 өтініш түскен.

Сондай-ақ халықты қабылдау пункттеріне 102 адам жүгінген, оның 43-і – бала.

Қазір тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, сондай-ақ әуежай, теміржол вокзалдары мен метро штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодарда колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады
30.04.2024ж. 14:36

Павлодарда колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады

Сотқа дейінгі тергеу басталды
Жыртқыш сырттағы 2 итті де талап кеткен
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр
Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенмен, қыздың өмірін арашалай алмады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →