×

Есірткіні асқазанына жасырып Қазақстанға кірмек болған шетелдіктер ұсталды

Сот шешімімен фигуранттар қамалды

Есірткіні асқазанына жасырып Қазақстанға кірмек болған шетелдіктер ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға есірткі жеткізудің кезекті контрабандалық арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

21 ақпанда Ақтау халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері мен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен бірге есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады.

Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттың барын көрсетті.

«Арнайы медициналық процедура арқылы шетелдіктердің азқазанынан героин және синтетикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды. Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 1 кг болды», – делінген хабарламада.

Сот шешімімен фигуранттар қамалды.

Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Талғарда тағы да ауыр қылмыс: төрт жігіт жасөспірім қызды зорлаған
Бүгін, 15:50

Талғарда тағы да ауыр қылмыс: төрт жігіт жасөспірім қызды зорлаған

Күдіктілердің бірі жәбірленушімен бұрын таныс болған.
Автокөлік иесі көлігін оталдырып, кілтін ішінде қалдырған
Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында
Соңғы 3 жыл ішінде пойыздарда 14 сәби дүниеге келген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →