×

Астанада ер адам әйелін жүріп келе жатқан көліктен лақтырып жіберген

Оқиға орнына автопатруль жіберілді

Астанада ер адам әйелін жүріп келе жатқан көліктен лақтырып жіберген
Фото: видеодан кадр

Астанада ерлі-зайыптылар жанжалдасып, ер адам әйелін көліктен көшеге лақтырып жіберген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция мәліметінше, сағат 02.00 шамасында «102» пультіне оқиға куәгерінен GEELY көлігінің мас жүргізушісі жол бойында әйелді ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Жүргізуші көлікті тастап, жаяу қашуға әрекеттенгенімен, қамауға алынды.

Көлік ішінде ер адамның әйелі болғаны белгілі болды. Оқиғадан сәл бұрын ерлі-зайыптылар дәмханада ішімдік ішіп отырған, сол жерде олардың арасында жанжал шыққан. Олар мас күйінде көлікке отырған. Көлік жүргізіп келе жатқанда ерлі-зайыптылардың арасындағы төбелес жалғасып, жүргізуші көлікті тоқтатып, әйелді көліктен лақтырып жіберген.

«Полицейлер жүргізушіні көлік жүргізуден шығарып, медициналық тексеруден өтуін сұрады. Алайда жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабын орындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Полиция талаптарын орындамағаны және алкогольдік масаңдық бойынша тест тапсырудан жалтарғаны үшін жүргізуші 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →