×

Алматыдағы жер сілкінісінен бүлінген ғимараттар қалай қалпына келтіріледі

Жер сілкінісі қала құнына әсер етті ме

Алматыдағы жер сілкінісінен бүлінген ғимараттар қалай қалпына келтіріледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Алматы қаласының құны қанша деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Үкіметте өткен брифингте министрге Алматыдағы болашақта жер сілкінісі болған жағдайда қираған нысандарды қалпына келтіруге қанша қаржы қарастырылғаны сұралды.

«Алматыдағы жағдай қазір Үкіметтің бақылауында. Бұл сұрақты бүгін өзіңіз де естідіңіз, Төтенше жағдайлар министрі қазіргі жағдай туралы баяндады. Әлбетте, Үкіметте жыл сайын құрылатын резерв бар. Ол бірінші кезекте техногендік апаттар мен туындауы мүмкін басқа да апаттардың салдарын жою үшін пайдаланылатын болады. Алматыда бұлай болмайды деп сенеміз. Әкімдік тексеру жүргізуде. Жергілікті басшылық қай жерде, қанша шығын бар есептейді. Егер осы жұмыстардың нәтижесінде республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен көмек керек болса, біз бұл ғимараттарды қалпына келтіруге көмектесеміз», - деп жауап берді Ұлттық экономика министрі.

Брифинг барысында журналистер министрден Алматының құны қанша екенін нақтылап сұрады.

«Алматы – еліміздің ең ірі экономикасы. Алматы – республикалық бюджеттің доноры, еліміздің қаржы орталығы. Қазір Алматының құнын бағалау қиын. Әрине, Алматы мемлекетіміздің елеулі байлығы», - деп жауап берді Нұрлан Байбазаров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодарда колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады
30.04.2024ж. 14:36

Павлодарда колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады

Сотқа дейінгі тергеу басталды
Жыртқыш сырттағы 2 итті де талап кеткен
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр
Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенмен, қыздың өмірін арашалай алмады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →