×

Жамбыл облысында жоғалған балықшының денесі жағадан табылды

Қос балықшы із-түзсіз жоғалып кеткен болатын

Жамбыл облысында жоғалған балықшының денесі жағадан табылды
Фото: Жамбыл облысы ТЖД

Жамбыл облысының Жуалы ауданында екі айдан бері іздестіріліп жатқан екінші балықшының денесі табылды. Марқұмның мәйітін ауыл тұрғындары жағадан тауып алған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Құтқарушылардың айтуынша 37 жастағы балықшының денесі толқыннан жағаға шығып қалған. Ал екінші балықшының денесі бір ай бұрын дронның көмегімен табылған. Құтқарушылар ақпан айының аяғында іздеуді тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені айдынның бетін қалың мұз басып қалған. Еске салайық, 11 қаңтар күні ауылдың екі азаматы балық аулауға Билікөлге барған. Сол сәтте қатты жел соғып, қос балықшы із-түзсіз жоғалып кеткен болатын.

«Жергілікті тұрғындар екінші балықшының денесін тауып алып судан шығарды. Бұл балықшыларды құтқару 10 -19 ақпан аралығында жүрген. Және қалыптастасқан мұзға қарай іздеу аяқталған болатын. Қазіргі медициналық сараптама жүргізіліп жатыр», - Жамбыл облысы ТЖД басқарма бастығы Жалғас Әбдуәлиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →