×

Алматыда қала орталығындағы саябақ мемлекет меншігіне қайтарылды

Сот талаптарды толық қанағаттандырды

Алматыда қала орталығындағы саябақ мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: almatydc.kz

Алматы қаласының прокуратурасы көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 га жер телімін заңсыз беру фактісін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Талдау көрсеткендей, 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жекеменшік құқығын берген. Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді», - делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді.

2024 жылғы 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Аттың жалына байлап сүйреген»: Айзат Жұманованың туыстары эксгумацияға қарсы емес
Бүгін, 02:51

«Аттың жалына байлап сүйреген»: Айзат Жұманованың туыстары эксгумацияға қарсы емес

Асқан қатыгездікпен қаза тапқан Айзат З жыл бұрын отау құрған.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тілсіз жаумен күреске 100-ге жуық қызметкер мен 60 арнайы техника жұмылдырылды.
Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі полиция сержанты Олжас Оразов болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →