×

«Видеоны анасы көріп талып қалды»: Жаркентте тәрбиеші балаларды аяусыз ұрып, тұншықтырған

Осыған қатысты Жетісу облыстық полициясы жауап берді

«Видеоны анасы көріп талып қалды»: Жаркентте тәрбиеші балаларды аяусыз ұрып, тұншықтырған
Скриншот

Жетісу облысы, Панфилов ауданына қарасты Головацкий ауылындағы Жаскент балабақшасында тәрбиеші балаларды аяусыз ұрған видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы жазбада тыныш отырған балаларын ұрғанын көрген аналар шетінен құлады деп жазған. 

Осыған қатысты Жетісу облыстық полициясы жауап берді.

«Бұл дерек бойынша сотқа дейін тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Аталған іс облыстық полиция департаментінің бақылауында», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ аудан әкімдігі де тілшімізге жауап берді.

«Головацкий ауылындағы балабақшада болған жағдайға байланысты аталған мекеме қызметтік тексеріске орай 10 күнге жұмысын уақытша тоқтатты. Балабақшада істейтін тәрбиешілер А және Г жұмыстан шығарылды. Қазіргі таңда полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастап, сот-сараптамалар тағайындалды. Аталған іс полиция департаменттінің бақылауында», - делінген аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің жауабында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →