×

Күйеуімнен қашып бала-шағаммен мазарда түнеген кездер болды — “Бірақ” бағдарламасына шыққан Гүлмира

Ол өз оқиғасын айтты

Күйеуімнен қашып бала-шағаммен мазарда түнеген кездер болды — “Бірақ” бағдарламасына шыққан Гүлмира
Видеодан скриншот

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған Гүлмира өз оқиғасын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол “Хабар” арнасында жабылған “Бірақ” бағдарламасына шығып, ол шығарылым үлкен резонансқа айналған болатын.

“Күйеуіммен тұрған 20 жыл бойы азап көріп келем. Бірақ төркініме де, ешкімге оны айтқан емеспін. Алты бала-шағам бар. Адам боп кетер деп жүрдім, бірақ адам бола алмайды екен. Соған менің көзім жетті. Бала-шағаммен мазаратқа қашып барып, сонда түнеген кездер болды. Көрген азаптарымды есіме түсіргім келмейді. Таяқ та жедім. Қолым, омыртқам сынды. Маған «өл» деп қарғап кететін күндері де болды. Сонда да жүрдім. Ішіп келіп ұратын. «Менің анада қатыным бар, мынада қатыным бар, үйді босат» дейтін. Сонда да «бала-шағамды жетім қылмайын» деп жүрдім. Жұмыста жүрдім. Жұмыс істеп келетін. Өзі де жүргеннен кейін мені де жүретін қылатын». Сені жезөкше қыламын дейтін”, - дейді ол.

Гүлмира полицияға арыз жазғысы келгенде ол жақтан келіп «сен алты балаңды баға алмайсың» деп тәртіп сақшылары дәрменсіздік танытқанын есіне алады.

“Күйеуім маған «бұл жердегі полицейлердің ешқайсысына арыз жаза алмайсың, оның бәрін мен өзім тағайындап алғанмын» деді. Ешкімге сөзім өтпейтінін білдім”, - дейді Гүлмира.

Еске сала кетейік, Гүлмира «Хабар» арнасындағы «Бірақ...» бағдарламасына шығып, ол шығарылым қоғамдық резонанс туғызған еді. Бұл шығарылым көптің ашуына тиген.

Журналист, белсенді Дина Елгезектің жазуынша, бағдарлама авторлары "ішкіш" күйеуінің тепкісіне төзген, жәбірленуші әйелді эфирге алдап шығарған. Бағдарлама барысында жүргізушілер ерлі-зайыптыларды татуластырмақ болған.

Студияға гүл алдырып, күйеуіне бергізіп, бітімге келтірмек ниетте студияда отырған сарапшыларды, нумеролог, психологтарды сөйлетеді. Олар жұптың бір-бірін түсінісуі керектігін айтады. 19 жыл ғұмырын күйеуінен таяқ жеумен өткізген әйелдің сұм тағдырға көнуін "миға қонымсыз" деп атады көпшілік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →