×

ШҚО-ны күштеп басып алуды насихаттаған екі тұрғын сотталды

Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкінішін жеткізді

ШҚО-ны күштеп басып алуды насихаттаған екі тұрғын сотталды
Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-ның екі тұрғыны билікті басып алу және сепаратистік әрекеттерді насихаттағаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жазбалары мен үгіт-насихаты үшін сотталды.

"Тергеу барысында олар биыл ақпанда интернет ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажет екені туралы идеяларын айтқаны белгілі болды. Референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттаған", - делінген хабарламада.

Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкінішін жеткізді.

Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Заңды күшіне енген сот үкімімен олар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мәселелерін құқық қорғау және арнайы органдар ерекше бақылауда ұстайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →