×

Бишімбаев ісі бойынша апелляциялық шағым сотқа түсті

Іс судьяға берілді

Бишімбаев ісі бойынша апелляциялық шағым сотқа түсті
Фото: Jogargy_sot

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша сот кабинетінде бүгін Астана сотына келіп түскен апелляциялық шағым туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот кабинетінің деректеріне сәйкес, бүгін Астана сотының апелляциялық сатысында апелляциялық шағым бойынша іс басталды. Іс судьяға берілді.

Берілген шағымның егжей-тегжейімен танысу мүмкін емес, өйткені Бишімбаев пен Байжанов ісі бойынша деректер жабық күйінде қалып отыр. Апелляциялық шағым түскені туралы ақпаратты Астана сотының баспасөз қызметі өкілдері растаған.

Еске салайық, 13 мамырда Астанада судья Айжан Құлбаева жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарды. Ол 24 жылға сотталды. Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →