×

СҚО-да 10 жыл бұрын ұрланған телефон иесіне қайтарылды

10 жылдан кейін тәртіп сақшылары жаңа мән-жайды анықтаған

СҚО-да 10 жыл бұрын ұрланған телефон иесіне қайтарылды
Фото: polisia.kz

СҚО-да полицейлер 10 жыл бұрын ұрланған телефонды тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қызылжар ауданында жедел уәкілдер 2014 жылғы телефон ұрлығын ашты. Аудан тұрғындарының бірі Соколовка ауылының маңындағы көлде демалып жатқан. Әйел адам отырған жерінен сол кездегі танымал Samsung Galaxy S III Mini телефонын таппай қалған. Қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болмаған.

Дегенмен 10 жылдан кейін тәртіп сақшылары жаңа мән-жайды анықтаған. Күдікті - 27 жастағы тұрғын. Ұрлық жасаған кезде ол 17 жаста болған. Ол кінәсін мойындап, жағажайда қараусыз қалған басқа біреудің мүлкін иемденгенін айтқан. Ұрланған зат заңды иесіне қайтарылды.

"Қылмыстық іс жүргізу уақыт өтуіне байланысты тоқтатылды. Ашылмаған бірде-бір қылмыс полицияның назарынан тыс қалмайды", - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысының екі ауылында жер сілкінісі сезілді
Кеше, 12:36

Алматы облысының екі ауылында жер сілкінісі сезілді

Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде 
Ол қызын 2021 жылдың ақпанынан 2023 жылдың мамырына дейін зорлаған
Жігіт 10 мың АҚШ доллары көлемінде банкноттарды көрсеткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →