×

Алтын фабрикасын салуға тағы қарсылық танытқан Маралды тұрғындарына қатысты сот процесі аяқталды

Наразылық туралы естіген билік ауылға жасақ кіргізіп, зауыт маңын күзеткен еді

Алтын фабрикасын салуға тағы қарсылық танытқан Маралды тұрғындарына қатысты сот процесі аяқталды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының аауылының тұрғындары сот залынан бірақ шықты. Өйткені биыл 8 мамырда жергілікті халықтың  алтын өндіру фабрикасының мүлкін қиратты деп айыпталған еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сол кезде нарызылар фабрика аумағына әнұран айтып барған еді. Құрылыс жүргізуге қарсы екенін айтқан олар құзырлы органдарға бейнеүндеу жолдаған болатын. Наразылық туралы естіген билік ауылға жасақ кіргізіп, зауыт маңын күзеткен еді. Ал жергілікті билік болса,  бірнеше адам зардап шегіп, вахтада жүрген жұмысшылар құрылыс алаңын тастай қашты деп ақпарат таратты. Техникалық құрал-саймандар қирап, біраз мүлік қолды болғаны туралы хабарлаған. 
Осыдан соң аталған оқиқаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, алты адам сот алдында жауап беруге мәжбүр болды. 

Енді, міне, Маралды ауылының алты бірдей тұрғыныны тергеу қорытындысы бойынша кіәнлі деп танылып, мойындарына 6 млн теңгенің шығыны ілінді. 

11 шілде күні өткен сот отырысында екі жақ ортақ мәмілеге келді. Жауапқа тартылған азаматтар өз кінәларын мойындап, кешірім сұрады. Сот жәбірленуші тараптың өтініші бойынша алтауының да кінәсін кешірді.

«Құдайға шүкір,  аман қалғанымызға қуаныштымыз. Фабриканың адамдары бәрін кешірді. Бүгін үйге қайтатын болды. Олардың кінәсі де жоқ. Айтаққа еріп кеткені рас, бәрін бастап жүргендер үйлерінде тып-тыныш отыр. Анау желідегі әңгімелерге сеніп қалды.  Біреулердің арандатуы екен, кімнің кім екені енді белгілі болды. Бәрінен шаршадық», – дейді жауапқа тартылғандардың бірінің туысы болып келетін Майя Қойшыбаева.

Сот процессі аяқталған соң екі тарап сыртта кездесті. Қол алысып, ортақ мәмілеге келді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
Кеше, 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →