×

"Баға жетпес адамгершілік": Талғарда жас жігіт суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Аудан әкімі жас батырға алғыс хат табыстап, соңғы үлгідегі  iPad смартфонын сыйға тартт

"Баға жетпес адамгершілік": Талғарда жас жігіт суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды
Видеодан скриншоттар

Алматы облысы Талғар Ауданының әкімі Танат Айдарбеков суға батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарған Серікжан Ботанды қабылдап, марапаттады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аудан әкімі бүгінгі күннің батырына тұрғындар мен өз атынан алғыс айтты.

«Серікжан Ботан кішкентай баланың өмірін сақтап қалды. Кешегі күн ел тұрғындарының есінде ұзақ сақталады. Серікжан Ботан адам сенгісіз ерлік пен батылдық танытып, қауіпті жағдайға тап болған кішкентай баланың өмірін сақтап қалды.Ержүрек адамға осындай ерлік істе қиындық жоқ», – деді аудан басшысы Танат Айдарбеков.

Аудан әкімі жас батырға алғыс хат табыстап, соңғы үлгідегі  iPad смартфонын сыйға тартты.

«Баға жетпес адамгершілік қасиеттеріңіз үшін және баланы аман алып қалғаныңыз үшін алғыс айтамын, сізге және сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат және бейбіт өмір тілеймін», - деді әкім.

Аудан әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, күн сайын Алматы облысының су қоймаларында профилактикалық рейдтер өтіп, оған жеке құрамның 66 адамы мен 11 техника тартылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ала алмаймын»: 5 жылға сотталған журналистке пара ұсынғандардың видеосы тарады
30.04.2026ж. 18:00

«Ала алмаймын»: 5 жылға сотталған журналистке пара ұсынғандардың видеосы тарады

Желіде 5 жылға сотталған Арай Есенбектің парадан бас тартқан видеосы тарады 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →