×

Алматы облысында ауыл әкімі мен тұрғын төбелесіп қалды

Өңір әкімдігі жағдайға қатысты түсінік берді

Алматы облысында ауыл әкімі мен тұрғын төбелесіп қалды
Фото: ашық дереккөзден

Ауыл тұрғынына қарсы күш қолданып, мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін бұзды деп айыпталған Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округі әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өңір әкімдігі жағдайға қатысты түсінік берді.

"Тұрғындардың бірі бекітілген ауылдық округтің Бас жоспарына қатысты наразылығын білдірген. Оның жер учаскесі қызыл сызықпен өтетіні белгілі болған. Осыған байланысты тұрғын мен ауылдық округ әкімінің арасында жанжал шыққан. Қазір Тұздыбастау ауылдық округінің әкіміне қатысты Талғар ауданының әкімдігі мен Талғар ауданының Полиция басқармасы тарапынан қызметтік тергеу жүргізуде. Әкімнің кінәсі расталған жағдайда оның жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралады", - деді облыстық әкімдікте.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жоғарыда аталған тұрғын 23 шілдеде аудан әкімі аппаратының басшысына қабылдауына барады. 

"Тұздыбастау ауылдық округінің әкімдігі тұрғындардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша жұмысты әрі қарай жалғастырып жатыр. Барлық мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын орындауға шақырамыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы алдымен, журналист Михаил Козачков телеграм-арнада жазды
Көлік орнынан күрт қозғалып, полиция қызметкерін 10-15 метр шамасында сүйреп әкеткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →