×

Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады

Оқиға куәгері жолаушының автобус жүргізушісін қорқытып жатқан сәтін түсіріп алған

Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады
Видеодан скриншот

Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне агрессия көрсетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға куәгері жолаушының автобус жүргізушісін қорқытып жатқан сәтін түсіріп алған. Ер адам алдымен жүргізушіге балағат сөздер айтып айғайлайды, содан кейін кабинаны бөліп тұрған әйнекті ұрып сындырады.

Алматы полициясы бұл факт бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Құқық бұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылады. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ажал айтып келмейді».  Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды
Бүгін, 00:57

«Ажал айтып келмейді». Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды

Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.
Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →