×

Полиция басшысының ұсталуы – ІІМ пікір білдірді

Желіде Шымкент ҰҚКД қызметкерлері ПД ҚҚЕ бастығы аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін ұстағаны туралы ақпарат пайда болды

Полиция басшысының ұсталуы – ІІМ пікір білдірді
Фото: polisia.kz

Шымкентте полиция бастығының ұсталуына қатысты ІІМ пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде Шымкент ҰҚКД қызметкерлері ПД ҚҚЕ бастығы (қаржылық қамтамасыз ету басқармасы) мен полицияның аға лейтенантын аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін ұстағаны туралы ақпарат пайда болды. Таратылған ақпаратта келтірілген шығын көлемі – шамамен 370 миллион теңге делінген.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратқанымен, бұл тұлғалардың шын мәнінде ұсталған-ұсталмағанын нақтыламады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.

«Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша қатаң шаралар қабылданады және кінәлілер заңға сәйкес жазаланады. ІІМ кез келген құқықбұзушылыққа төзбеушілік бойынша қағидатты ұстанымда», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жігітті бірі ғаламтордағы ойынның тапсырмасын орындаған десе, бірі лудоман болған деп сан-саққа жүгіртуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →