×

Шымкентте жалдамалы пәтерден үндістандық екі студенттің денесі табылды

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады

Шымкентте жалдамалы пәтерден үндістандық екі студенттің денесі табылды
Фото: polisia.kz

Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды. Шетелдіктердің бірі 21-де, екіншісі 22 жаста болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм болғандар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курсында оқиды екен. Олар Әл-Фараби ауданындағы пәтерді үш шетелдік студентпен бірге жалға алып тұрған.

Алғашында екі жігіт табиғи газдан уланып қайтыс болуы мүмкін деген болжам жасалған. Себебі пәтер ішінде газбен су жылытқыш және ас үй пеші болған. Бірақ арнайы мамандар газ құрылғысынан ешқандай ақау таппаған. Аталған фактіні қалалық ТЖД растады.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →