×

Шерзаттың әпкесі Талғардағы төбелеске қатысы бар екі қыздың ұсталуын талап етті

Ол істің бұрмаланып кетпегенін қалайтынын айтты

Шерзаттың әпкесі Талғардағы төбелеске қатысы бар екі қыздың ұсталуын талап етті
Фото: Massaget.kz

16 жастағы Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реймова құзырлы органдарға үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Менің бауырым бұзақылардың қолынан қыршынынан қиылып отыр. Айуандықпен өлтірді. Інім анасының қолында марқұм болып кетті. Қасым-Жомарт Кемелұлы, Ержан Сәденов (Ішкі істер министрі), Бауыржан Әленов (ІІМ орынбасары), Асылов Беріктен (БАс прокурор) іске араласып. қолға алса деп өтініп сұраймын. Менің інім мен үшін, біз үшін батыр. Себебі ағасы мен інісін қорғаймын деп жан тапсырды.

Іске қатысты тағы екі қыз бар, олар бостандықта жүр. Талғарда қаралған іс Қонаевқа ауысты. Ол қыздарды көрдік, екеуі көлікке мініп кетіп қалды. Бостандықта тайраңдап жүргенін қаламаймыз", - дейді Бақыт Реймова.

Ол істің бұрмаланып кетпегенін қалайтынын айтты.

"Қазір 7 адам ғана ұсталды. Қалған қылмыскерлердің де ұсталуын талап етеміз. Жалпы екі қызды қосқанда 13 адам болған", - дейді Бақыт Реймова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →