×

Ақтөбе облысында 14 жастағы қызды туыс ағалары зорлап келген

Күдіктілер үйқамақта

Ақтөбе облысында 14 жастағы қызды туыс ағалары зорлап келген
Фото: istockphoto.com

Бала құқықтары жөндегі уәкіл Динара Зәкиева Ақтөбе облысындағы 14 жастағы қызға байланысты ақпарат айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүрп жатыр. Ақтөбе облысының өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілі баланың анасымен байланысқа шығып, кездесетін болды. Істі қайта саралау және бұлтартпау шарасын өзгертуді қарау мәселесімен прокуратураға жүгіндім», - дейді Зәкиева.

Осы мәселе бойынша полиция департаменті бопсалау және зорлық-зомбылық фактілерін тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру өткізіп жатыр.

«Іс бойынша процесстік прокурор тағайындалды, ол тергеуге қатысып жатыр. Екі күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Санкциялық шара тағайындау кезінде сот күдіктілердің жеке басының мінездемесін, бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған балаларының және тұрақты мекенжайының болуын ескере отырып, үй қамағында ұстау туралы шешім қабылдады. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлайды облыстық полиция.

Қылмыстық істі тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сигналға назар аудармаған: Алматы облысында екі адамды пойыз басып кетті
Бүгін, 15:19

Сигналға назар аудармаған: Алматы облысында екі адамды пойыз басып кетті

Оқиға Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар — Алматы — 1 учаскесінде орын алған
Жазушының алты баласы болған – төртеуі ұл, екеуі қыз

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →