×

Атырауда мотоциклдегі жасөспірімді басып кеткен полиция қызметкеріне сот үкімі шықты

Оқиға биыл сәуір айында орын алған 

Атырауда мотоциклдегі жасөспірімді басып кеткен полиция қызметкеріне сот үкімі шықты
Сурет: holanews.kz

Атырау облысында мотоциклдегі жасөспірімді басып кеткен полиция қызметкеріне сот үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қызылқоға ауданы Полиция бөлімі патрульдік полиция тобының инспекторы қызметтік автокөлікпен әріптесі екеуі патрульдік қызметтерін атқару барысында жасы кәмелетке толмағанның басқаруындағы мотоциклдің артында жасы кәмелетке толмаған екі жолаушы бар күйде жүргенін анықтап, дыбыс белгісі арқылы тоқтауды талап еткен. Алайда жасы кәмелетке толмаған жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, қозғалысын жалғастырған.

“Сотталушы оны қудалап келе жатырғанда, жасы кәмелетке толмаған Жол жүрісі қағидаларын бұзушы қара жерге шығып кетіп, мотоциклдің басқару жүйесін игере алмай, жерге құлаған. Сол кезде инспектор қауіпсіздік шараларын қолданбай, Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзып, жасы кәмелетке толмағанды қағып кеткен, нәтижесінде ол оқиға орнында есін жимастан қаза болған", - деп жазылған сот хабарламасында.

Прокурор сотталушыны 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындаған.

“Сотталушының шын жүректен өкінуі, асырауында жасы кәмелетке толмаған балаларының болуы, бұрын сотталмағаны –  жаза мен қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сотталушы ҚК-тің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Азаматтық талап ішінара қанағаттандырылды”, – делінген сот үкімінде. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Талғарда изолятордан қашқан күдікті ұсталды
Кеше, 09:14

Талғарда изолятордан қашқан күдікті ұсталды

Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды
 Ол «Шевроле» маркалы автокөлікпен соқтығысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →