×

Жетісу облысындағы туристік аймақ Бұрханбұлақ сарқырамасына жол салынады

Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың ұзындығы 31 км

Жетісу облысындағы туристік аймақ Бұрханбұлақ сарқырамасына жол салынады
Сурет: Жеңіс Ысқабай

Жетісу облысының ең негізгі табиғи әрі туристік көрнекті жерлерінің бірі – Бұрханбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың құрылысы келесі жылы басталады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

“Ескелді ауданы – туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Осы жылдың 10 айында туристерді қабылдайтын нысандарда 41 мың адамға қызмет көрсетіліп, соның ішінде ақылы қызмет көрсету көлемі 25 млн. теңгеге жетті. Осы ретте Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 31 км автожолды жөндеу жұмыстары келесі жылы басталатынын атап өту керек. Бұл мақсатқа 2025 жылы республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге қаражат бөлінеді. Сондықтан туризмді дамыту үшін инфрақұрылымды жақсартып, жаңа қонақ үйлер, демалыс базаларын салып, жолдарды жөндеу қажет. Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы көрікті жерлерді кеңінен насихаттап, экотуризм мен агротуризм бағыттарын дамыту керек”, - деп атап өтті өңір басшысы Бейбіт Исабаев.

Еске салсақ, Жетісудың туризм саласы 5 дестинацияның әлеуетін тірек етеді. Олар - Алакөл мен Балқаш көлдері, «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері, Жоңғар Алатауының таулы алабы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көше сыпыруға міндеттеу: Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне енгізілген түзетулер мақұлданды
Бүгін, 10:54

Көше сыпыруға міндеттеу: Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне енгізілген түзетулер мақұлданды

Енді қазақстандықтарды балағаттағаны және түкіргені үшін сыпыруға міндеттеледі
Астана тұрғыны 2021-2023 жылдары аралығында жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырған
Ұшақтың бұл түрі Бразилияда құрастырылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →